balgynbek_imash Балғынбек Имаш 1455528368

Амалымыз - сүннәт, Арманымыз - жәннәт!


ig balgynbek_imash instagram

♡ 2512 ✍ 29 ҚАРА САҚАЛДЫ ӘКЕДЕН, ҚАРА ШАШТЫ ШЕШЕДЕН САҚТАСЫН! Бірде Бөкен би Сырымға берген батасының арасында «Жасың алпысқа жетпесін» деген сөзді де айтады. Сырым өзге сөздердің бәрін талдап келіп: «Жасың алпысқа жетпесін» деген батаңызға мен түсіне алмадым», – депті. Сонда Бөкен: – Мен сенен Құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел. Менің жасым сексен төртке келді. Алпыстан асқалы алты түрлі бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Ол мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сия алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік жеңді,— міне, алты бәле деген осы. Бұны қалай түсіндің? – дейді. Сонда Сырым батыр: «Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз – адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады. Кіші үйге сия алмадым дегеніңіз –өзінен жасы кіші адамдардың үйіне жасы үлкен адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегеніңіз – өзіңнен туған кей бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкені дұрыс баға білмейді. Бір сөз айтсаң бетіңді қайырып тастайды. Қара шашты шешем дегеніңіз – сол баланың әйелі, келінің. «Осы шалға не керек екен, берген асты ішіп жата бермей» дейтін шығар. Ауру мен кәрілік түсінікті ғой, ата», – деген екен. Міне, осы алтаудың ішінде ең қиыны, біздіңше, «қара сақалды әке» мен «қара шашты шеше» болса керек. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйгілі хадисінде бар емес пе: «Қияметтің белгілерінің бірі – адам өзінің қожайынын туады» демей ме? Бұл – осының бір кебі. Өзіңнен туған бала: «Ананы үйт, мынаны бүйт» деп қартайған ата-анасына пәрмен беріп отырса, бұл дүниенің үлкен соры, сол шығар-ау, сірә! Осыдан Құдай баршамызды сақтасын!

ig balgynbek_imash instagram

♡ 3245 ✍ 44 Ер азаматтар қасындағы жарларының қадірін білсе екен. Әйел адам - нәзік гүл! Ол әдемі боп жайқалуы үшін, маңайына жұпар шашуы үшін, жеміс беруі үшін ер адам мейірім кәусарымен суарып, маxаббаттың нұрын төгіп, қамқорлық самалымен аймалап отыруы керек. Өкінішке орай, қазіргі кезде көп жігіттер өз міндетін дұрыс атқармай, әп-әдемі гүлдерін тікенекке айналдырып алуда. Әйел заты - "Аманат"! Әрқайсымыз аманатымыздан Алла алдында қатаң сұраламыз! Сондықтан, қызғалдақтай кезінде өзіміз үзіп алған, бізді әке атандыру үшін тар құрсағы кеңіген, бізді тірек көріп жанымызда болу үшін ең жақын туыстарынан ұзаған, үйімізді жайнатып, дастарxанымызды дәмге, құшағымызды қуанышқа толтырып бізге өзімізден аумайтын сәбилер сыйлаған сүйікті жарларымыздың аздаған кемшіліктеріне көз жұма алмасақ несіне еркекпіз деп төс қағамыз? Анасын қадірлейтін, қызының бақытын тілеген адам әйеліне мейіріммен қарайды, ал азаматтың қадірін білетін әйел өзінің жұбайы жәннәттың қақпасы екенін ұмытпайды! Күйеуін ренжіткен әйелге бүкіл періштелер лағнет айтады, сондықтан, менмендікті жеңіп өзін тозақтан құтқарғысы келген әйел: "Мырзам, бүгін сіз маған ризасыз ба? -деп күнделікті өз-өзінен есеп алып отыруы ләзім. Әр кеште күйеуім бүгін маған риза болды ма екен деп уайындап жататын жәннәти ару-аналарымыз, қыздарымыз көп болғай. Жұбайларымен қатынаста Пайғамбарымыздай (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көркем мінезді, мейірбан әрі жұмсақ болатын ұлдарымыз көп болғай! Әйелін сыйлаған еркек - Ана алдында басын иіп тұрады. Күйеуін құрметтеген әйел - Ар алдында биік тұрады!

ig balgynbek_imash instagram

♡ 3054 ✍ 48 Сұрақ: Дәл қазір қоғамда тағы қандай мәселелер алаңдатады? Жастардың арасында ажырасу, талақ күн санап өсіп жатыр. Еркектен қуат, әйелден ұят кетті. Жауап: Бұл енді мемлекеттік деңгейдегі күрделі әрі көкейкесті мәселе! Ел болып елеңдейтін, ұлт болып алаңдайтын үлкен проблема. Қазір әр әулетте кемі бір, кейде бірнеше осындай ажырасу оқиғалары кездеседі. "Қыздары қайтып келген", "оң жақта отырып бала тапқан" деген "жаманат" бүгінде үйреншікті әдетке айналған. Бұл проблемманы түбімен жою мүмкін емес шығар, бірақ, алын алуға, азайтуға ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла күш салуымыз керек. Ең алдымен ажырасудың зияндарын санап шығайықшы: 1. Екі жастың ажырасуы екі жақтың ата-анасына ұят келтіруі. 2. Әйелдің абыройының төгілуі, қамқорсыз қалуы, отбасының ауыртпалығын жалғыз көтеруі, псиxологиялық ауруларға шалдығу қаупі. 3. Еркектің намысына нұқсан, "әйелі кетіп қалған", "қатын тастаған" деген азаматқа абырой емес. 4. Балалардың тірі жетім қалуы, жартылай отбасындағы бала тәрбиесінің жетімсіздігі. 5. Туыстық қатынастардың үзілуі мен бұзылуы. (ер мен әйелдің, ата-ана мен баланың қатынасы үзіледі, құдалардың арасы бұзылады, қайтып келген қыздың төркіндерінің көзіне сүйел болып, ата-анасының үйіне сыймауы) 6. Еркектің де, әйелдің де суық жүріске түсіп кету, өзге шаңырақтарды шайқалту қаупі, жұқпалы жыныстық аурулардың таралуы. 7. Жалғызбасты аналардың көбеюі мемлекетке қосымша шығын, қосымша проблема, әлеуметтік төмен отбасылардың, төлемақы мұқтаж жандардың, жетімдердің саны артуы. 8. Псиxологиясы бұзылған, әкенің қатал тәрбиесін көрмеген, анасын тыңдамай бетімен кеткен ұл-қыздардың наша, есірткі, арақ, ұрлық пен зорлыққа үйреніп, қоғамға тигізетін кері әсері. Тойға кеткен шығын, қайтарылмаған қарыз, жабылмай қалған кредит тағы басқа толып жатқан кесапаттар. Ал енді ажырасудың ең басты 3 себебін атайықшы: 1. Сабырсыздық пен төзімсіздік. Аз ғана қиындыққа, жоқшылыққа сабыр ете алмай ұрыс-керістің көбеюі. Қазақтың салтында, ата-ана ұл үшін отауын сайлап, еншісін қамдап қоятын. Қыз үшін төсөк-орнын даярлайтын. Бұл материалдық игіліктер жас отбасының алғашқы кезде аяқтан тұрып кетуіне демеу еді. Жалғасы ⤵️⤵️⤵️

ig balgynbek_imash instagram

♡ 691 ✍ 16 ...Әбігер үстіндегі қайран Аналар-ай...Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Шынында, жүректеріңіз тым жұмсаааақ. Тек сол қуыс кеудеде үздіксіз дамылдап жатқан жұдырықтай еттегі ЖЫЛУЛЫҚпен неге бөліспеске?! Қол ұшын беру, жәрдемдесу, рухани болса да демеуді айтам да. ҚОЛДАРЫҢЫЗДАН КЕЛЕДІ! ӨМІР - ТЫМ ҚЫСҚА әрі ӨТКІНШІ СЫНАҚ АЛАҢЫ.Алла Тағала қасиетті Құранда : "Өлім мен өмірді сендердің қайсыбіріңнің ізгі, салиқалы амал жасайтындарыңды сынау үшін жараттым"-дейді. Дүниялық істердің құлақкесті құлы болғанымызша, дүниеміз бен ахиретімізге пайдалы ізгі амалдар жасауға асығайықшы. Мінекей, сізге мүмкіндік... #МЕНІҢ_МЕЙІРІМДІЛЕРІМ! "Бала" дегенде кімнің болса да көңілі алып-ұшып тұрады емес пе?!Әр қилы тағдыр бар. Әр алуан қиыншылыққа тап болған, құр қаңқасы ғана қалғандай қалшиған мыңдаған #АНАЛАР_БАР. Жүйе-жүйесі босап, үні қарлығыңқы шығатын жалғызбасты Ана да көптей. *** @b.u.n.i.q.u.e "#АНАДАН_АНАҒА" деген қайырымдылық акциясын жүргізуде. Көріп отырып, бұл жайлы көппен бөліспей отыра алмадым. Баланың ойыншықтары, киім-кешектері мен қолданар заттары болса #АСТАНА_ҚАЛАСЫНДАҒЫ_КӨРСЕТІЛГЕН_адреске_жеткізсеңіздер...Сіз үшін бұлар бұйым болмауы мүмкін, бірақ кей жандарға осы дүниелер кәдуілгідей арман. Үлкен, (крупный дейміз ғой), сондай заттар болса, тіптен қатып кетер еді. Мысалы, балаларға арналған #коляска, #ванна_суға_түсугеарналған, #кереует_балаға_арналған! ( Алла разы болсын )

ig balgynbek_imash instagram

♡ 1306 ✍ 240 Дінімізде пайызға ақша алуға да, беруге де, яғни, өсімқорлыққа қатаң тыйым салынған. Ипотека алмай үйлі болу мүмкін емес дейсіз бе? Алла Тағаланың жазасынан қорқып, күнәдан тыйылған пендесіне Алла тығырықтан шығатын жол тауып береді!!! Мына посты қуана отырып жариялаймын. Әр отандасымыз шаңырақты болсын, және Аллаға қарсы келмей, қарызсыз, бақытты өмір сүрсін! Құрметті Қазақстандықтар! Happy-Dom кооперативы арқылы өз баспанаңызга қол жеткізуге мүмкіндігіңіз бар! "Happy-Dom" тұтынушылар кооперативы арқылы 100 жанұя өз баспаналарына иеленді. Баспана өз меншігіне жазылады. Алғашқы жарна 5%-дан 45%ға дейін. Жылдық пайыз -0% КООПЕРАТИВ ‘HAPPY-DOM’ – ПРЕДЛАГАЕТ НЕДВИЖИМОСТЬ ПО ВЫГОДНЫМ УСЛОВИЯМ В РАССРОЧКУ ПОД 0% Уже 100 семей нашей страны приобрели жилье через кооператив «Happy-DOM» Подробнее о программах ПКГ «Happy-DOM» Вы можете узнать, посетив странички:  www.happy-dom.kz  @happydom.kz @minakovar 📍📍 Атырау 8 (775) 514 48 33 Райгуль +7 (778) 489-77-04 Нелли; 8 (702) 855-28-11 Артур 📍Актобе 8 (775) 565-76-52 Асель 📍Орал +7 (701) 377-31-47 Алия 📍Актау +7 (775) 655-11-44 Дана 📍Шымкент +7 (701) 828-47-29 Руслан 📍Алматы 8 (701) 460-85-65 Мумтаз

ig balgynbek_imash instagram

♡ 4946 ✍ 132 Жамбыл облыстық "Ақжол" газетіне сұқбат беріп ем, толық нұсқасын жуық арада оқи аласыздар! Сұрақ: Қазаққа жанашыр алаштың арыстарын «халық жауы» деп қырып тастады. Кейде, сіздің сақалыңызға тиісіп, түрлі «измдерді» жауып, тіпті «халық жауына» шығарып жібереді. Бұған сіз не айтасыз? Жауап: Рас, қазақтың небір асылдарын, сүт бетіне шығар қаймақтарын "Халық жауы" атандырып абақтыға жапқан қиын кезеңдерде араша түсу былай тұрсын, атып өлтіргеннен кейін аттарын атауға қорқып, тіс жармаған жасықтармыз. Қазір де ернін бояған гей жігіттердің көбейгенінен қорқудың орнына сақал қойған кей жігіттерді жабыла жамандаймыз. Дәл сол орамал таққан, сақал қойған бауырлар ештеңе істеп қойған жоқ, "просто" түрлері мен қылықтары ұнамайды. Біздің зайырлы қоғамның мүшелерінің көбінде - жүнге аллергия, дінге антипатия. Айтыстан алыстап кетті деп мені басқа-басқа тіпті әкемдей болған Жүрсін Ерман көкемнің өзі "сектаға" кіргізіп жібере салады. Ол кісіге не деп ренжиін? Сақалды жиырмадан жаңа асқанда Жүрсін ағама ұқсағым кеп, еліктеп қойғанымды ол кісі біле ме екен? Өз атам Имаштың да, әкем Қалидың да сақалы болған. Намазды 11 сыныпта жұмаға барып жүріп, мешітте үйренгем. Ел "уаxабис" деп ойлап қалады екен деп жиырмада қойған сақалымды 40-тан асқанда қырып тастамаймын ғой. Қазақтығымды мақтан етіп басымнан тақиямды тастаған емеспін. Қазақша етік киіп едім "Балғынбек қысқа балағын көрсетпеу үшін, аяғына етік киіп алатын болыпты" деп өсектеді. "Төрт тоқалы бар екен, алты ашынасы бар" екен деді. "Батаға бетін сипамайды екен" деді, "Беташарды xарам деп айтқан" деді. Қысқасы, кімнің аузына қақпақ боламыз? Ақталайын десең қисынсыз өтірікке бола неге уақыт кетірем деп ойым теңселіп қалады, ақталмайын десең сол сөздерге ел сеніп қалады. Кейбіреулер " ақындар жағымпаз" дейді. "Нұротанның бұлбұлы, сарай ақыны" дейді. Елбасымызды мақтап, саясатын қолдап, етегінен тартпай, балағынан қаппай жүрсек, бәрі - Аллаға деген иманымыздан. Басшыға бағыну, қарсы келмеу - Құранның аяты, Құдайдың бұйрығы. Әйтпесе, 25 жыл саxнада жүріп, Мәскеуде жырлап, Парижде сайрап, Африкада айтыссақ та мемлекет тарапынан орден не медаль, қайраткерлік атақ та, сыйлық та алған емеспіз. ⤵️⤵️⤵️


Popular Now

ig buriramunitedofficial instagram

♡ 1820 ✍ 2 บรรยากาศการเดินทางไปแข่งขันฟุตบอลโตโยต้าไทยลีก .................... 24 ก.ย. 60 (TTL-29) ราชบุรี เอฟซี VS บุรีรัมย์ ยูไนเต็ด 19:00 น. สนาม มิตรผล สเตเดียม . . . . . #BuriramUnited #BRUTD #RatchaburiMitrpholFC #RBMFC #ToyotaThaiLeague2017 #TTL2017 #GU12 #StrikeBack2017 . . . . .

ig instantbollywood instagram

♡ 12381 ✍ 26 Golmaal Again Team snapped during promotions yesterday. Frankly they don't need any promotions, Golmaal series already has way too many fans to make it a super hit in first week. :)

ig  instagram

♡ 27 ✍ 2 The soundtrack for the film broke all barriers of geography and culture and went ahead to influence other artist such as the Beatles. #SongOfTheRoad #makutextiles #maku #khadi#handmadeinindia #handloom#westbengal #ruralbengal #songoflooms #fujicolour #35mm #film#StoriesFromDistantLands #naturalindigo#timelesstradtions #MakuStories

ig motelrocks instagram

♡ 87 ✍ 0 NEW SEASON HAS LANDED! 🙌🏼❤💥🌹 Shop online now! #motelrocks #newseason #winterflorals #sequinstyle

ig nazmila_ instagram

♡ 2052 ✍ 79

ig nastyna215 instagram

♡ 62 ✍ 4 Take the highs with the lows ! We went up tonight 😎 #something2getinto #goinguponthursday 🗣#PimpOrDie !

ig sanfumi instagram

♡ 14 ✍ 1 玉桂狗Room Wear💕Free Size 9月27日截單&截數,10月12到貨❤︎歡迎查詢價錢:Whatsapp(5666 8959) Wechat(sanfumi) Line(sanfumishop)

ig i_am_letosexual instagram

♡ 35 ✍ 2 I woke up and saw this! I think this day is going to be AMAZING . . . (Tag @jaredleto @shannonleto @tomofromearth @stevieaiello ) . . . . #30SecondsToMars #vyrt #thirtysecondstomars #jaredleto #shannonleto #tomomilicevic #stevieaiello #echelonforever #echelonfamily #echelon #suicidesquad #thisiswar #ABeautifulLie - ( @sari.mars ) #ipreview @preview.app

ig _luxury_bazaar instagram

♡ 0 ✍ 0 10% скидка на все только на этот заказ !

ig tuniez83 instagram

♡ 5 ✍ 0 Eglips Lively Liquid Glitter Shadow วิ้งๆ แบบสาวเกา #RADALOVEU

ig emyrahmawatie instagram

♡ 5 ✍ 0 Stop Thinking Start Dancing @faisalkhan30 #faisalkhan 💙

ig _luxury_bazaar instagram

♡ 2 ✍ 0 Доставка сегодня! Пишите срочно. Копия люкс, цвета 1500 руб. По всем вопросам пишите в Вотс ап 8968 938 02 06🌺🌺🌺

ig lulubleuu instagram

♡ 171 ✍ 2 Better watch out for this avalanche

ig _luxury_bazaar instagram

♡ 1 ✍ 2 Доставка сегодня! Пишите срочно. Копия люкс, цвета 1500 руб. По всем вопросам пишите в Вотс ап 8968 938 02 06🌺🌺🌺

ig _luxury_bazaar instagram

♡ 1 ✍ 0 Доставка сегодня! Пишите срочно. Копия люкс, цвета 2500 руб. По всем вопросам пишите в Вотс ап 8968 938 02 06🌺🌺🌺

ig _luxury_bazaar instagram

♡ 0 ✍ 0 Доставка сегодня! Пишите срочно. Копия люкс, цвета 1500 руб. По всем вопросам пишите в Вотс ап 8968 938 02 06🌺🌺🌺

ig _luxury_bazaar instagram

♡ 0 ✍ 0 Доставка сегодня! Пишите срочно. Копия люкс, цвета 2500 руб. По всем вопросам пишите в Вотс ап 8968 938 02 06🌺🌺🌺

ig galleryhanooz instagram

♡ 286 ✍ 0 دستسازهاي سراميكي راستين در گالري هنوز...

ig 6xn6 instagram

♡ 201 ✍ 33 شريت ٣ منها للاسف 😂😂

ig baefantasy instagram

♡ 103 ✍ 0 Yass ❤️🌸 #baefantasy


Next